Қалалық әкімдікте хабарлағандай, төтенше жағдай Теплов және 1 Мамыр көшелерінің қиылысында орын алған.

- 2019 жылдың 14 қарашасында сағат 21.00 шамасында ауа райының қолайсыздығына байланысты кәріз ағындарын айдайтын бір сорғы тоқтап қалды, - деп хабарлады қалалық әкімдікте. – Кәрізден  су жердің бетіне шыққан. Кәріз коллекторын қайта жаңартып жатқан «КазСтройСервис 7» ЖШС мердігерлік ұйымы тіректі алып тастау бойынша іс-шараларды орындады.

Әкімдікте аталған учаскеде су бұру штаттық режимде  жүргізілетінін айтады.

 

Фото @tipavlo

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам