Сауалнамаға еліміздің барлық 14 өңірі, сондай-ақ республикалық маңызы бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары қатысты. Қойылған сұрақтарға 2538 адам жауап берді. Ал сараптамалық сауалнамаға 49 сарапшы қатысты. Зерттеу бойынша ақпаратты «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының өңірлік және орталық жобалық кеңселері ұсынды. Зерттеушілердің алдына қойылған міндет бойынша тұтас және объективті сурет алу үшін барлық ықтимал ақпарат көздері пайдаланылғандығын батыл мәлімдеуге болады.

Сауалнамаға әлеуметтік топтарды, білімі, ауқаты, отбасы жағдайы, этникалық қатыстылығы әртүрлі Қазақстан азаматтары қатысты. Сұхбаткерлердің жасы 18-ден 99-ға дейін болды, ал ерлер мен әйелдер шамамен тең сұралды. Сауалнамаға қатысқан Қазақстанның оңтүстік облыс тұрғындары 45,5 пайызды, солтүстік 23,2 пайыз, Қазақстанның батысы 14,7 пайыз, және елдің шығыс облыстары мен орталық Қазақстан 8,6 және 8 пайызды құрады.

Зерттеу «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру туралы халық қаншалықты жақсы хабардар екенін білуге, халықтың бағдарламаға тартылу деңгейін анықтауға, бағдарламаның ағымдағы нәтижелерін бағалауға және халықтың бағдарлама іс-шараларын қажет етуін зерделеуге мүмкіндік берді.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша сараптамалық баяндамамен https://cisc.kz сайтындағы «Ресурстар» бөлімінде танысуға болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелерін бағалау мақсатында ұлттық әлеуметтік зерттеу ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» жобасы аясында өткізілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: