Олардың ішінде химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Team I/O» командасының құрамында 11-сынып оқушылары Азамат Бекболат, Елжан Еркебұлан және Тұрлыхан Тоқтағанов жеңімпаз атанды.  Марапатқа оқушылар  250 000 теңге және Comic Con фестиваліне билеттер жеңіп алды.

Туризмді дамыту бойынша үздік IT-жоба бағытында «TourAR» жобасы арқылы адам үйден шықпай-ақ таңдаған жеріне нақты мөлшерде саяхат жасауға мүмкіндік алады. Жеңімпаздар 36 сағат ішінде мүлдем жаңа мобильді қосымшаны жасап шығарған.

- Біздің мобильді қосымша арқылы үйде отырып, адам нақты режимде қажетті орынға ауыса алады,  - дейді жеңімпаздар. - Бұл мобильді қосымшаға заманауи инновациялық технологиялардың барлығын енгіздік. Бірден бірнеше үлкен жобалар мен идеялар бір қосымшада тоғысты және осымен өзінің бірегейлігін көрсетті. Студенттермен және танымал компаниялармен бірге иық тіресе, сайысқа түстік. Осылайша өзіміздің де біліктілігімізді тексерген едік. Жұмысымыз тиісті бағасын алып, абыроймен 1-орынды жеңіп алдық.

Биылғы байқауда 157 адам ресми сайтқа тіркелген. Финалға тек 12 команда шыққан, оның ішінде үшеуі жүлделі орындарға ие болды.

Аталған іс-шараны «Астана Innovations» АҚ, сондай-ақ «Kazakh Tourism» ҰК АҚ, «Астана Конвенцшн Бюро» ЖШС, Astana IT University және Henry Technologies қолдауымен қала әкімдігі ұйымдастырды.

- Бізді осындай жан-жақты білім нәрімен сусындатып, мол мүмкіндіктер беріп отырған туған мектебіміз бен ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта тек республикалық деңгейлерде ғана емес, халықаралық дәрежедегі байқауларға қатысуды жоспарлап отырмыз, - дейді олар.

 

Томирис Бекжан

Фото: НЗМ баспасөз қызметі

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім