Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Исатай Тайманұлына арналып салынған ескерткіштің авторы ҚР суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Серік Матениязов. Биіктігі 12 метр болатын ескерткіш таза қоладан құйылған.

WhatsApp Image 2019-11-15 at 13.55.30.jpeg
Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов Исатай батыр ескерткішін республикадағы ең еңселі әрі тұғырлы мүсіннің бірі екендігін атап өтті.

Мұндай шоқтығы биік алып ескерткіштің нақты Исатай ауданында ашылуы заңды құбылыс.Бұл істің басы-қасында болып, ойға алған жоспардың ойдағыдай орындалып, уақытылы орнатылғаны үшін жергілікті жауапты тұлғаларға алғыс бідіремін. Бүгінгі біздердің міндетіміз – ұлы тұлғаларымызды ұлықтау. Осы арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Найза ұстаған айбарлы Исатай батыр ескерткіші республикадағы ең еңселі әрі тұғырлы мүсін. Барша исатайлықтарды айтулы мерекемен құттықтаймын, - дейді Серік Шапкенов.

Бір минут үнсіздіктен соң ескерткішті облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы Қатимолла Ризуанов, облыстық ауған соғысы ардагерлері қоғамы төрағасының орынбасары Бейімбет Нариманұлы және ауған соғысы жауынгерінің жесірі Қалима Абуова ашты.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: