Корпорация филиалы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әр донордың қан тобына алдын ала зертханалық талдау жасалып,  дәрігерлер бұрын ауырған ауруларына қатысты қабылдау жүргізген.

- Бүгін мен донор куәлігін алдым, – дейді «Азаматтараға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Павлодар облысы бойынша филиалы кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы Алтынай Сәрсекеева. - Біреудің өмірін сақтап қалуға өз үлесімді қосатыныма қуаныштымын. Ерікті қан тапсыру - адамгершіліктің белгісі.

Қан тапсыру денсаулыққа өте пайдалы және де ересек адам денсаулығы үшін қанның мезгілді жаңартылуы қажет процедура болып табылады.

Медициналық тексерістен сәтті өткен әр қызметкерден 450 мл көлемінде қан алынған.

Өзгелердің өмірін сақтап қалуға атсалысқан қызметкерлер қан тапсырумен қатар, өздерінің денсаулық жағдайын тексеру мүмкіндігіне ие болды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: