Қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың мәлімдеуінше, облыс бойынша 12 оқушы қатысты. Оның екеуі - Павлодар қаласы мектептерінің білім алушылары.

- Олимпиада қорытынды бойынша № 34 ЖОМ 11-сынып оқушысы Диас Исадинов III орын, № 39 ЖОМ оқушысы Сұлтан Ілияс - II орын алды, - дейді Балжан Әділханова. - Диас 2018 жылы математика бойынша қалалық олимпиада I орын, 2019 жылы математика бойынша облыстық олимпиада III орынға қол жеткізген. Ал, Сұлтан оқушылар арасында 2018 жыл химия бойынша қалалық пән олимпиадасында - I орын, 2019 жыл пән олимпиадасының облыстық кезеңінде - II орын иегері.

Сұлтан Ілияс академик А. Бектұров атындағы химия бойынша халықаралық олимпиаданың қатысушысы және пән олимпиадасының республикалық кезеңінде ҚР білім және ғылым Министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Сондай-ақ химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Ержан Ақжігітов ХІІ Президенттік олимпиадада күміс медаль жеңіп алды.

- Мұндай ауқымды да күрделі олимпиадада алғаш рет жүлдеге ие болдым, - дейді Ержан Ақжігітов. – Әрине, қобалжу болды, әйтсе де мен үшін таптырмас тәжирибе дер едім. Мұнда әр пәннен берілген тапсырмалардағы әр бір баллдың рөлі маңызды болды. Себебі өзім қатысып жүрген физика пәнімен қоса, математика, биология, химия пәндерінен келген күрделі сұрақтарды шешу керек еді.

11-сынып оқушысын байғауға ұстаздары Мұхит Аутаев, Назымгүл Кәриімова, Алмаз Кенжанов, Ілияс Шорманов дайындаған.

 Фото: НЗМ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім