Жастар жылында жастарды қолдау, ақынның мерейтойын тойлау мақсатында ұйымдастырылған жыр додасына Орал, Шымкент, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан, Павлодар өңірлерінен келген 10 ақын қатысты.

- Республикалық деңгейде өткен айтысқа алғашқы рет шықтым, - дейді жас ақын. – Бұған дейін де жастар айтысына қатысып жүрген едім, алайда Сара Тоқтамысова, Кәрима Оралова сияқты есімдері елге белгілі майталмандармен және қазіргі жұлдыздар Сырым Әуезхан, Жандарбек Бұлғақовпен бір айтысқа қатысудың өзі ерекше болды. Ақмола облысынан келген Қуаныш Оспановпен сынға түстім. Айтыс барысында қоғамдағы мәселелер көтерілді. Бұл жолы жігіттердің арасындағы ең жасы кіші мен болдым.

Айтыстың бас жүлдесін  екі дүркін «Алтын домбыра» иегері  атанған Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет