ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапары барысында Павлодарлық инвесторлар үйінде болды. Үкімет басшысына өңірімізде бизнесті қалай дамытатындары жайлы баяндалды.

 Инвесторлар үйінің төрағасы Александр Бабенконың айтуынша, кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер мен кеңестер беріледі «Kazakh Invest», Павлодар «АЭА», » Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Аграрлық несие корпорациясы», Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және «Даму» қоры кеңселері бір ғимаратта орналасқан.

Министрлер Кабинетінің басшысына Павлодар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жүргізетін негізгі жобаларды көрсетілді. Олардың ішінде қант және крахмал зауыттарының құрылысы бар. Александр Бабенконың айтуынша, Павлодар облысы - асханалық картоп өндірісі бойынша көшбасшы. Бірақ нарықта мұндай тауар көп, сондықтан крахмалдың жоғары мөлшері бар техникалық сорттарды өсіру қажет. Жоспар бойынша кәсіпорын 140 мың тоннаға дейін көкөніс өңдеп, 21 мың тонна крахмал және 2,8 мың тонна протеин өндіретін болады. Өткізу нарығы Ресей, Қытай және Жапония мемлекеттері болып табылады.

Александр Бабенконың мәлімдеуінше, өңірде суармалы жерлердің көлемі артты. Төрт жыл ішінде алаң 100 мың гектарға ұлғайтылуы тиіс. Облыста «Асыл су» суландырудың өңірлік бағдарламасы әзірленді, бірақ жобаны жүзеге асыруға қытайлық инвесторлардың көмегі қажет.

Сондай-ақ, Павлодар облысында Dalian Zhonghui Irrigation Equipment Co. Ltd жаңбырлату машиналарын өндіретін зауыт салуды ұсынады. Компанияның Қытайда осындай екі зауыты бар.

- Компания Қытайдағы ірі масштабты жаңбырлату машиналарын шығаратын жеке жоғары технологиялық кәсіпорын болып табылады. Бізде 13 жыл тәжірибеміз бар. Біздің өнімдеріміз АҚШ пен Еуропаның танымал брендтерімен салыстырылады, - деді қытайлық инвесторлар.

Компания Қазақстанда жаңбырлатқыш машиналардың екі түрін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл айналма және фронтальды. Зауыт үш жыл ішінде салынбақшы және инвестиция сомасы 10 млн долларды құрайды. Кәсіпорын жылына 500-ге дейін машина шығаратын болады. Зауыт өңірді 150 жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Облыста төрт жыл ішінде бес мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Тұрғындарды жұмыспен қамту 13 жаңа инвестициялық жобаның арқасында жүзеге асады. Олардың арасында 2022 жылы Екібастұз индустриялық аймағында салу жоспарланған техникалық кремний шығаратын зауыт бар.

Инвестордың мәліметінше, БАӘ Canarax ЖШС жылына 35 мың тонна кремний өндіретін болады. Кәсіпорында 380 тұрақты жұмыс орны және құрылыс кезінде 150 жұмыс орны құрылады.

- Біз Италиядан әкелінетін жоғары технологиялар мен заманауи жабдықтарды пайдаланатын боламыз, - деп атап өтті БАӘ инвесторлары. - Біздің заманауи газ тазалау жүйесі еуропалық стандарттар бойынша жобаланған. Су жабық контурда айналатын болады және зауыт суды шығарудың нөлдік жүйесін қолдайды. Зауыт қатты қалдықтарды өндірмейді. Біз қолайлы инвестициялық атмосфераға ие Қазақстан мемлекетіне өте ризамыз, сондай-ақ Павлодар облысы барынша қолдау көрсетіп жатқаны қуантады.

ҚР Премьер-Министрі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысы Doing Business дайындаған рейтингте бизнесті жүргізу үшін жағдай жасау бойынша үздік өңірлердің бестігіне енді.

Фото: Ольга Бугаева, Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, , Асқар Мамин, ҚР Премьер-министр, инвестиция