- Чемпионатты облыстың Спорттық би федерациясы және «Classic» спорттық би клубы өткізді, - дейді қалалық білім беру бөлімінде. - Анэль 7 жылдан бері облыстық «Шаңырақ» халықтық өнер және мәдени-демалыс орталығының «Classic» спорттық би клубында билейді. Жаттықтырушылары - спорт шебері Татьяна Верига, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері және облыстық спорттық би федерациясының президенті, спорт шебері Алексей Верига.

Жақын арада Анэль Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық чемпионатқа қатысады.

Анэль әртүрлі шығармашылық байқаулар мен спорттық би жарыстарының белсенді қатысушысы. «Ақбота» интеллектуалды сайыстарының жеңімпазы.

Сыныптан тыс жұмыстар барысында «Өркен» балалар сауықтыру орталығында вокалды және бисермен айналысатын үйірмелермен айналысады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім