Көрермендер назарына 100-ден астам кескіндеме және графикалық шығармалармен қатар, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылады.

- Экспозицияда XIX, XX және XXI ғасырда орындалған «классикалық» шығармалар, «авангардтық» көркемөнер ағымына жататын туындылар орын алады, - деді ұйымдастырушылар. – Көрмеде музей қорындағы ең үлкен шығармашылық туынды және ең кішкентай кескіндемелік шығармалар, музейдің жинағына ең алғашқы болып түсіп, қорды жинақтауда бастама болған туындылар, сондай-ақ 2019 жылы Қазақстан заманауи суретшілерімен музей мерейтойына арнап сыйға тартылған ең жаңа шығармашылық жұмыстарды тамашалауға мүмкіндік туады. Топтамада сан алуан мәнерлер мен бағыттарда орындалған шығармашылық туындылар қоғам мен заман тынысын, күн сайын жаңадан пайда болатын көркемсурет ағымдары мен бағыттарының өнер және сұлулыққа деген көзқарастарын бейнелейді.

Қала тұрғындары мен қонақтары көрмені қараша айының аяғына дейін тамашалай алады. Мекенжайы: Торайғыров көшесі, 44/1. Анықтама телефоны – 53-61-04.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көркемсурет, музей, көрме, мәдениет