Қос тараптың білім беру бөлімдері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

- Біз бүгін мектеп басшыларынан, балабақшалар мен қосымша білім беру басшыларынан тұратын делегациямен келдік, - дейді Семей қаласының білім беру бөлімінің басшысы Наталья Фесенко. - Егер бұрын делегацияның құрамында тек мектеп директорлары болса, бұл жолы біз балабақшаларды және мектептен тыс мекемелерді қостық. Павлодарда соңғы рет 2013 жылы болдық. Мұңда қызықты да үйлесімді жұмыс пен өңделген әдістемелік база бар. Сондай-ақ әр мектепте қандай да бір ерекшеліктер байқалады. «Жүз рет естігенше, бір рет көрген жақсы» демекші, әрі қарай да осы ынтымақтастық меморандумы арқылы тәжірибе алмасамыз деп ойлаймын.

Сонымен қатар бөлім басшысы әріптестерінің өзара достық пен ынтымақтастықты құру мақсатындағы құжатқа қол қойылуын тек қана қолдайтынын атап өтті.

Семей қаласы білім беру ұйымдарының басшыларын Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында қалалық № 16 лицей-мектебі, № 40, 36, 39, 25, Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектептеріне алып бару жоспарланған.

Бұған қоса, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы, экологтар мен туризм балалар-жасөспірімдер орталығы, «Өркен» аула клубына және қалалық балалар музыка мектебінің жұмыс барысымен таныстыру көзделген. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, яғни «Радуга» гармониялық даму орталығы, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 14 балабақша, Smart-Kid сәбилер бақшасы, № 122 мектепке дейінгі гимназия, № 49 санаторлық балабақша, «Мерей» білім беру-дамыту орталығы, № 6, № 126 сәбилер бақшасының эстетикалық даму орталығы, «ZamanStar» білім беру-дамыту орталығының мамандарымен тәжірибе алмасатын болады.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Семей, білім, меморандум