Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

- Ақсу полиция бөлімінің жедел кезекшісінің көмекшісі отбасымен сауда үйінде болған. Бутиктердің бірінде полицейдің назарын барлық бутиктерді мұқият қарап жүрген ер адам аударды. Мұны байқап қалған полиция қызметкері оның артынан бақылап жүреді, - деді департаментте.

Ведомствода хабарлағандай, тәртіп бұзушы полиция бақылауында тұрған. Жедел уәкіл оны танып, кейіннен ұрлықтың куәгері болған. Бес сөмкені ұрламақ болған кезде ер адам ұсталды.

Ақсу қаласының тұрғыны жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Ұрлық жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша бір мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын беру көзделген.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, Ақсу, ПД, ұрлық, полиция