Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Тgcom24 телеарнасының хабарлауынша, дүйсенбінің таңында Фортецца қаласынан Бруникоға бара жатқан пойыз Больцано провинциясында таудан құлаған лай көшкінінің екпінінен рельстен шығып кеткен.

Больцано провинциясы баспасөз және байланыс агенттігі Twitter парақшасында оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. Шұғыл жеткен құтқарушылар жолаушыларды қауіпсіз жерге дін аман жеткізген.

Айта кетейік, қазір Италияның солтүстігінде ауа райы қолайсыз болып тұр. Өткен аптада Трентино-Альто-Адидже облысында жауған қалың қар электр желілері мен көлік байланысына айтарлықтай зиян келтірген. Өңірде теміржол қозғалысы уақытша тоқтатылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: