Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, біздің елде де сондай дарынды балалар жетерлік. Солардың бірі Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады. Жас данышпан осы күнге дейін негізгі мамандығымен қатар, бірнеше өзге салалар бойынша білім алуда.

Ақпараттық технологиялар бағытында ізденіс үстінде жүрген Абзал ЖОО-дан кейін Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді мақсат еткен. Абзал болашақта ғылым әлемінде ерекше із қалдырарына сеніміміз мол, - делінген БҒМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

pavlodarnews.kz

Тэги: