ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ның мәлімдеуінше, акция Президенттің Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде өткізіледі және студент жастардың тұрмысын жақсартуға бағытталған.

Кездесулер барысында әлеуметтік нысандарды инвестициялаудың негізгі мәселелері, атап айтқанда, шарттар жасасу рәсімдері, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі, төлемдердің сомасы мен мерзімдері талқыланатын болады. Іс-шаралар «Атамекен» ӨКП, «Даму «кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен өтеді.

Іс-шараға Павлодар қаласының мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, инвесторлар, қонақ үй кешендерінің, хостелдердің басшылары және басқа да мүдделі кәсіпкерлер шақырылды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім