Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде ресурстық орталық Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында іске қосылды.

- Орталықтың мақсаты - білім алушылардың кәсіптік бағдарын қамтамасыз ету, мектеп және мектеп жасына дейінгі оқушыларға саналы кәсіби таңдау, дағдылар мен білімді жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды қалыптастыру мүмкіндігін ұсыну, - деді облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінде. - Сондай-ақ негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру, оқушыларды табысты дамыту, оқыту және кәсіби таңдауға дайындау үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау болып табылады.

Нысанның ашылуына облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Алекпарова, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Каппасов, білім басқармасының өкілдері, депутаттар, колледж оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Соңында колледждің білім алушылары мен оқытушылар концерттік бағдарлама ұсынды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Ақсу, ресурстық орталық, Павлодар облысы, домбыра