Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі азаматтық және көші-қон тобының аға инспекторы Гүлстан Баталованың айтуынша, ведомствода 18 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

- Оның ішінде шет ел азаматтары Қазақстан Республикасында тұрақты тұру, құжаттарды тіркеу және  Қазақстанның азаматтығын алу жөнінде өтінішпен жүгінеді, - дейді Гүлстан Баталова. - Биыл жыл басынан бері 1000-ға жуық шет ел азаматына Қазақстанда тұрақты тұру үшін рұқсат берілді.  Олардың басым бөлігі 31 желтоқсанға дейін өтетін «Мерзімі өтіп кеткен оралман мәртебесін ұзарту» акциясы аясында ҚР азаматтығын алып үлгерді. Оған бір кездері оралман мәртебесін алған, бірақ белгілі бір себептермен азаматтықты рәсімдей алмаған және осылайша оралман мәртебесі мерзімі өтіп кеткен этникалық қазақтар кіреді.

Жоғарыда аталған азаматтар Астана көшесі, 59 мекенжайы бойынша оралман мәртебесін ұзартып, ҚР азаматтарын қабылдауға құжаттарын ішкі істер органдарына және көші-қон қызметіне тапсыра алады.  

ҚР келетін шет ел азаматтарының материалдары «В 8» категориясы бойынша қабылданса, этникалық қазақтар кез келген виза бойынша тұрақты тұруға  тапсыра алады. Құжаттар тізмі ҚР ІІМ-мен бекітілген. Материалдарды қарау мерзімі – 60 күнтізбелік күн. Қызмет көрсету – тегін.

 

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам