Бұл туралы 24.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал саясаттанушы Ерлан Сайыров өзінің Facebook-тегі парақшасында: «Қазақтың мәдени брендін халықаралық дәрежеде ынталандыру осындай нақты қадамдардан басталары хақ. Енді Димаштан кейін қазақтың ою-өрнегімен киім тігуді шет елдің көптеген ірі сән орталықтары дәстүрге айналдыруы ықтимал. Мәдени бренд дегеніміз осы. Бұл тенденцияны біздің, отандық жеңіл өнеркәсібі өзіне оңтайлы пайдаланса, өте жақсы болмақ. Әйтпесе, қытайлықтар қазақтың ою-өрнегімен киім тігудің майталманы болып алып, ою-өрнекті меншіктеп алуы да мүмкін. Біздің ұлттық бренд құрылымдарына қазақтың ою-өрнегін халықаралық дәрежеде меншіктеу мәселесін шұғыл қарастыру қажет. Бұл бүгінде «қып-қызыл» қаржының көзі...

Димашқа қазақ қоғамының сезімі ерекше екендігі белгілі. Димаш бауырымыз екінші мәрте «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері болды. Баршамыз құттықтап қояйық, достар!» – деп жазды.

pavlodarnews.kz

Тэги: