Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Аталған жинаққа ақынның 1995 жылы шыққан «Көңіл суреті», 2004 жылы шыққан «Жүректегі жазулар» жыр жинақтарынан «Сенемін саған, жарық күн», «Тербеледі ой-бесік», «Жалғаса бер, жолдарым», «Жанымның жайып жапырағын» атты тараулары, 2006 жылы толықтырылып, қайта басылған «Жүректегі жазулар» кітабы және 2013 жылы шыққан алты томдық шығармалар жинағының екінші томына енген және бұрын жарияланбаған бірнеше жырлары еніп отыр.

Ақын Ербол Шаймерденұлының бұл жыр жинағы айшықты азаматтық үнімен, терең ой сарынымен, ақ адал сыршылдығымен ерекшеленеді. Адам мен қоғам туралы, өмір жайлы сезім мен сенімнен өрілген сыршыл толғаныстар шынайылығымен тартымды. Отаншылдыққа, адалдық пен арлылыққа шақыратын ойлы өлең, отты жырлар жырсүйер қауымның жүрегіне жол табатыны сөзсіз.

Жинақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді.

Суретті түсірген Ерлан Омаров

pavlodarnews.kz

Тэги: