Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «СК Фармация» ЖШС өкілдігінің басшысы Аягөз Айтбаева мәлім етті.

- Облысқа инсулиннің 16 түрі жеткізіледі, - дейді Аягөз Айтбаева. - Қосымша 69 млн теңгеге тапсырыс берілді. Бұдан басқа, науқастар алты түрлі таблетка түріндегі препараттарды, қандағы глюкозаны анықтау үшін шприцтерге инелер, тест жолақтарын, резервуарлар және тағы басқа препараттарды алады. Бүгінгі таңда инсулин қараша және желтоқсан айларына толық көлемде жеткізілген. Емханалардың қажеттіліктеріне байланысты сатып алынады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Арыстанованың айтуынша, өңірде қант диабетіне шалдыққан науқастардың саны 3000-нан асады. Олардың 1000-нан астамы - инсулинге тәуелді.

- Әрбір науқас диспансерлік тізімде тұрады, - дейді Сәуле Арыстанова. - Науқастардың жағдайды өзі басқаруы үшін ауруларды басқару бағдарламасы бар. Тоқсан сайын бір рет сараптама тапсырады. Үнемі қажеттілік болған жағдайда арнайы препарат тағайындалады, ал нәтиже болғанда қысқартылады. Яғни, аурудың ауыртпалығына байланысты ұсынылады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам