- Өнер ордамыздың жүлде қоржынына тағы бір олжа түсті, - дейді Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының бас редакторы Сәуле Мұқаева. –   «Үздік орындаушылық шеберлігі» үшін берілген сыйлық иегерін шын жүректен құттықтаймыз!  Ол жоғары оқу орнында білім алып жүрген кезінде оркестр құрамында гастрольмен Вена, Сербия, Словакия, Словения, Венгрия елдерінде  «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы  Димаш Құдайбергеновпен концертке қатысқан. Арнайы аспаппен қатар фортепиано аспабында жақсы ойнайды. Астана қаласында өткен пианистер байқауында лауреат атанды.

Айым Мейірханова 1996 жылы 12 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген. 2005-2011 жылдар аралығында Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған музыкалық колледж музыка мектеп-интернатта білім алған. 2011-2015 жылдар аралығында дарынды балаларға арналған музыкалық колледж музыкалық мектеп-интернат кешенінде оқыды.

2019 жылы Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетін дәстүрлі музыка өнерінің прима-қобыз мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. 2007 жылы «Астана Мерей» III Халықаралық жас орындаушылар сайысының 1-орын иегері, XXXXIII республикалық жас музыканттар сайысының 2-орын иегері, 2009 жылы Алматы қаласында өткен Ахмет Жұбанов атындағы республикалық конкурстың 3-орын иегері, 2010 жылы Қарағанды қаласында  өткен Тәттімбет атындағы VI республикалық конкурстың 2-орын иегері, 2015 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен XXI Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің гран-при иегері, 2018 жылы Атырау қаласында өткен Р. Нұрпейісова атындағы II республикалық қобызшылар арасындағы байқауының 3-орын иегері атанған.

 Ақбота Сейсенбаева

Фото: Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет