Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Тек солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандардан атмосфералық ағынның өтуімен кей жерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде - тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: