Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Швейцария үкімет мүшелері мен президентін Ақорда ішінде қызыл кілем мен президент оркестрі қарсы алды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен арнайы күтіп алып, еліміздің үкімет мүшелерін таныстырды.

Қазір Ақордада кеңейтілген және кіші форматта екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық бағыттарда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ули Маурер баспасөз алдында бірлескен мәлімдеме жасайды.

Сонымен қатар, Ули Маурер Қазақстан үкімет мүшелері, бизнес өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Швейцария президенті Ули Маурер 21 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келді.

Айта кетсек, Швейцарияда президент статусы біздің президенттік статустан өзгеше. Швейцарияда президент - мемлекет басшысы емес, мемлекетті 7 адамнан құралған федералды кеңес басқарады.

pavlodarnews.kz

Тэги: