Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, монша көлікжаймен жапсарлас салынған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін шатыр құлап түскен.

Павлодар қаласында Баянауыл көшесі, 110 мекенжайы бойынша жеке үй аумағында екі бөлмелі қамыстан салынған үй шатырының ағаш конструкциясы өртенген. Жалын 60 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 25 литрлік 5 газ балонын эвакуациялаған. Тексеріс барысында пешті монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағаны анықталған.

Сондай-ақ Барнауыл көшесі, 84 мекенжайы бойынша жеке үй аумағында жеке тұрған екі бөлмелі уақытша тұратын үй өртеніп кетті. 30 шаршы метр алаңды қамтыған өрт салдарынан шатыр құлап, жеке тұрған кірпіш моншаның ағаш конструкциясы жанды. Репин көшесі, 97 мекенжайында жалпы ауданы 65 шаршы метрді құрайтын кірпіш саяжай үйінің ағаш конструкциялары мен монша толығымен жанып кетті.

- Бүгін сағат 00:05-те Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында 4 пәтерлі 2 бөлмелі үйде 8 шаршы метрді қамтыған өрт шықты. Ас үйдің еденінен шыққан өртке өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмағаны себеп болды, - деді департаментте. - Өрт сөндірушілер 27 литрлік 2 газ балонын эвакуациялады.

Айгүл Жүсіпова

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, өрт, қауіпсіздік, Павлодар