Ақсу қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Жастар жылы аясында металлургтер шаһарында түрлі форматтағы 150-ден астам шара ұйымдастырылған.

- Жастар бастамаларын дамыту мақсатында өз тарапымыздан әрдайым көмек берудеміз. Президент жариялаған алдағы Еріктілер жылы да талай бастамалар қолға алынатындығына сенім зор, - деп атап өтті Балғабай Ыбыраев.

Сабина Кабулова  бұл қаражатты тігін ісімен  айналысуға жұмсауды көздеп отырса, Джулия  Момынжанова  мен Күлди Нүрекенова қыз-келіншектерге косметологиялық қызметтер көрсетпек.

- Менің жасым 19-да, - дейді Сабина Кабулова. – Жаяу Мұса атындағы колледжді тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірдім. Бұған дейін үйде  арнайы тапсырыс бойынша төсек-орын жинақтарын тігумен айналысатын едім. «Жас шебер» жобасы туралы естігеннен кейін әрі қарай өз ісімді дамыту туралы шешім қабыладым. Бұл қаражатқа тағы бір тігін машинасы мен жұмысқа қажет жабдықтарды сатып алғым келеді. Өз жұмыстарымды әлеуметтік желілер арқылы саудаға қоямын және тұрақты тұтынушыларым бар.

Бұдан басқа, форум аясында Нұр-Сұлтан қаласына саяхат жасау үшін жастар бастамаларын дамыту орталығынан 12 адам  сертификатқа ие болды.

 

Фото: Ернұр Жұмаділов

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам