Соған сәйкес шайқасқа қатысты ғылыми зерттеулер өз мақсатына жетті. Конференцияға қатысушылар зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерді аталмыш оқиғаны «Қазақстан тарихы» оқулығына енгізуді ұсынды. Одан бөлек, ғалымдар Қазақстанның киелі географиясы картасына 1741 жылғы Қалмаққырған шайқасы енгізілсін десті.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов атағандай, Лев Гумилевтің теориясына сәйкес, Қазақстанды жақында пассионарлық дүмпу күтуде. Оның белгілері ішінде елімізде тарихқа деген қызығушылық артып, елдің атын шығарып жатқан қайраткерлердің пайда бола бастағанын айтуға болады.

- Баяндамалар мен зерттеулер нәтижесінде 1741 жылғы шайқастағы жеңіс Сарыарқа қазақтарының бірлігінің арқасында келгенін айтуға болады, - дейді Зиябек Қабылдинов. – Қыпшақ және бәсентиін ұлыстары сұлтандарының Сібір орыс әкімшілігімен алмасқан хаттары қолымызға жетті. Онда қазақтардың осы шайқасқа 50 мың әскер жинағанын аңғаруға болады. Кейін ресейлік әкімшілік бұл деректерді тексеріп, растады.

Айбек Жұматов

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Қалмаққырған, ПМУ, Торайғыров университеті, Toraighyrov University, тарих