Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің  мәліметінше, 31-желтоқсанда күндіз және 1-2 қаңтар күндері Павлодар облысы бойынша қар жауып, бұрқасын  тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал, 1-2 қаңтар аралығында желдің екпіні секундына 25 метрге, кей жерлерде жылдамдығы 30 метрге дейін  күшеюі  күтіледі.

 Төтенше жағдайлар мен оқиғаларға жол бермеу мақсатында Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті   тұрғындардан қауіпсіздік шараларды сақтауды сұрайды.

pavlodarnews.kz