Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің басшысы Байболат Рахымжановтың айтуынша, мұндай жұмыстар келесі жылы егін шаруашылығы дақылдарын молынан алуға мүмкіндік береді.

- Былтыр қар тоқтату жұмысы қаңтар айының 6,7-ші жұлдызынан басталған. Биыл қардың қалыңдығына байланысты шаруалар ерте кірісіп кетті. Қысқы ылғалды сақтап қалмаса, көктемде қанша жауын жауатыны белгісіз. Сондықтан осылай егін алқаптарына қысқы қарды тоқтату - жазда құрғақшылықтың алдын алу тәсілдерінің бірі. Мәселен, Шарбақты ауданы 33 мың гектарға, Ертіс ауданы 18 мың гектарға, Железин ауданы 10 мың гектар, Ақтоғай және Успен аудандарының диқандары 9 мың гектар алқапқа жүргізіп үлгерді. Облыс бойынша бұл жұмысқа 127 қар тоқтату техникасы жұмылдырылды, - дейді Байболат Рахымжанов.

Айта кетерлігі, өткен жылы 262 мың гектар алқапқа қар тоқтату жұмысы жүргізілген. Ал, биыл бұл көрсеткішті 352 мың гектарға жеткізу көзделуде. Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz