Іс материалына сүйенсек, Қ. Сүлейменова өзінің туысы Д. Балагазинова және бұрын сотты болған құрбысы   А. Сейітқұловамен бірге танысының үйінде туған күнде болған. Отырыс барысында ішімдік тұтынып, Қ. Сүлейменова мен құрбысы А. Сейітқұлованың арасында жанжал туындаған. Осы кезде айыпталушыға құны 60 мың теңге тұратын, «Lenovo» маркалы ұялы телефонын ұрлап алу туралы ой келеді. Ол өзінің арам пиғылын жүзеге асыру үшін мас күйінде құрбысының шашынан жұлып, ішінен ұрған.

- Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша зардап шегушінің беті мен денесі жарақаттанып, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірілгені анықталды. Нәтижесінде Қ. Сүлейменова сот отырысында өз кінәсін толық мойындады. Сол күні ол танысының туған күнінде құрбысынан телефонын көруді сұраған. Дегенмен А. Сейітқұлова оның бұл өтінішіне құлақ аспаған сәтте құрбысын соққыға жыға бастаған. Сот үкімімен азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, екінші бөлімі, бірінші тармағы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығына шектеу қойылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деді баспасөз қызметінде.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz