Бұл туралы  ҚазТрансГазАймақ" АҚ ОҚОФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «Оқиға орнына жеткен мамандар келесі мән-жайды анықтады. Тұрғын үйді жылыту қазандығы пәтерді жалға берушінің үйіне орнатылған. Сол жерден пәтерді жалға алушыларға көгілдір отын оттегі шлангысы арқылы тартылып, одан әрі газ плитасы мен газбен жылытылатын алауошақ жалғанған. Сол жерде теxникалық ақаулар орын алған. Нақтысы, көгілдір отын жеткізілген шланга газбен жылытылатын алауошаққа дұрыс бекітілмеген. Салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы болған», - делінген xабарламада.

Оқыс оқиғадан 1988 жылы туған Сабина Орынбаева қаза болды. Тағы төрт адам зардап шекті: Қарлығаш Аxанова 1996 жылы туған (2 дәрежелі күйік жарақаты), Әсия Орынбаева 1957 жылы туған (дене жарақаты), Дәурен Жұмалиев 1985 жылы туған (дене жарақаты), Аружан Дауылбай 2015 жылы туған (дене жарақаты). «Ертең, осы жағдайға байланысты Шымкент қаласы әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылады. Онда зардап шеккендерді уақытша баспанамен қамту және материалдық көмек көрсету мәселесі қаралады»,-дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бас маманы Зарипа Абдуллаева.

Еске салайық, 8 қаңтарда шамамен сағат 03:30-да Шымкент қаласындағы Халықтар достығы көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, баспана опырылып құлаған болатын. Жарылыс орын алған үйге бірінші болып, жақын маңда тұратын Ұлттық ұланның қызметшісі старшина Руслан Бахрамов жеткен. Ол құлаған үйдің үйіндісінің астынан азамат Д.Жұмалиевтің отбасын шығарып алған. Өкінішке орай, Жұмалиевтің зайыбы алған жарақаттар салдарынан сол жерде көз жұмды. Көп ұзамай, оқиға орнына Шымкент қаласының құтқарушылары жетті.

 

pavlodarnews.kz