Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді мәлім етті.

- Павлодар қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті күзететін 5512 əскери бөлімінің сарбаздары қаланы қардан тазалауға жұмылдырылды. Арнайы көлікпен шыққан отыздан астам жігіт  көшелер мен əлеуметтік маңызды нысандардың аулаларын қардан аршып шықты. Бұдан кейін балалар үйі мен қарттар үйіне көмек көрсетті. Жалпы,   ұлттық ұланның жеке құрамы қалада өтетін ауқымды шараларға белсенді қатысып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауда үнемі атсалысып тұрады. Себебі,  өзгелерге қамқорлық таныту - ұлттық ұланның басты міндеттерінің бірі, - дейді Бағдат Амангелді.

pavlodarnews.kz