24.kz хабар еткендей, елдің көп бөлігінде ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеген.

Әдетте мұнда қаңтардағы орташа температура шамамен - 1, - 5 градус болатын. Ауа райының қолайсыздығынан көршілес Германия мен Чехия да жапа шегіп отыр.

Сонымен қоса Италия мен Болгарияда да аяздан үсіп өлгендер бар. Көптеген өңірде жолдар жабылып, теміржол қызметі кідіріспен жұмыс істеп жатыр. Күннің қатты суытуына байланысты Бельгия мен Люксембург арасындағы пойыздар қатынасы уақытша тоқтатылған.

pavlodarnews.kz