Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  Даулы жағдай Іле ауданындағы Байсерке ауылындағы №9 мектепте орын алған. 7-ші  сынып оқушысына қол жұмсаған химия пəнінің мұғалімі болып шықты. Облыстық білім басқармасының басшысы Лəззат Базарқұлованың айтуынша, оқушы мұғалімнің қол көтерген көрінеді. Сол себепті анасы ұрған балаға есесін қайтару үшін  үзіліс уақытында сыныпқа келіп, оны  төпелей жөнелген.

«Қазір аталған жағдай бойынша арнайы шешім қабылданып, ұстаз Мира Мамедалиева жұмыстан кетті», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы. 

Айта кету керек,  белгісіз əйелдің оқушыны ұрып жатқан бейнежазба əлеуметтік желіде пайда болып, желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді. Ұстаз бен оқушы арасындағы кикілжің 23 желтоқсанда орын алды. Көп ұзамай мұғалім аталған əрекеті үшін жұмыстан қуылды.



pavlodarnews.kz