Дүкен меңгерушісі Шолпан Мәжитованың сөзінше, бұл көмек зейнеткерлерге қайырымдылық жасау акциясы аясында жасалуда. Акция ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына және жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған. Ауыл қарияларына тегін нан тарату  16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні басталып, 13 қаңтарға дейін жалғаспақ.

- Акцияның басты мақсаты – ауылымызда тұратын ата-әжелерімізге әлеуметтік көмек жасау және еліміздің ең басты мерекесі Тәуелсіздік тойы қарсаңында оларға құрмет көрсету. Күніне бір адам, бір бөлке нан алады. Сонда бір күнде 50-60 бөлке нан таратылуда. Акция алғаш басталған кезде келушілер аз болатын, қазір күн сайын көбейіп жатыр. Жалпы, біздің дүкеннің ашылғанына 10 жылдай уақыт болды. Ауылымызда қолға алынған қайырымдылық шараларға жиі қатысып тұрамыз, - дейді Шолпан Мәжитова.

Айта кету керек, Ленин кентінде 1000-нан астам зейнеткер тұрады. Олардың 70-тен астамы - тыл еңбеккерлері.

Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz