Бұл туралы Анна Гусеваның туысы Розалия Демченко мәлім етті.

- Әлеуметтік желілер мен қаладағы жарнамаларда апамыздың жоғалған уақыты желтоқсанның 27-і деп көрсетілген, негізі желтоқсан айының 25-інен бастап апамыз үйдің есігін ашпады. Есіктің құлпын бұзып пәтерге кірдік, үйде ешкім жоқ. Барлық заттары орнында тұр. Ол кісі жалғыз өзі тұратын. Қаңтардың 7-і күні таңертеңгі сағат 10:00 шамасында қала тұрғындарының бірі Анна апамызды Айманов көшесі 42-і үйдегі «На горке» дүкенінде байқап, камераға түсіріп алған. Біз келгенше ол кісі дүкеннен шығып кетті, ізіне ілесе алмадық. Қасында тағы бір әже болған, - дейді Розалия Динченко.

Туыстарының жорамалдауынша, Анна Гусева есінен айырылып қалуы мүмкін, бірақ мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған немесе пәтер кілтін жоғалтып алып, үйіне кіре алмай жүр.

Р. Динченконың айтуынша, 69 жастағы зейнеткердің Хим қалашығында бір де бір туысы тұрмайды, таныстарының болуы да екіталай. Себебі қарт ана үйден көп шықпайтын және бұған дейін ұзақ уақытқа хабарсыз кетпеген.

1947 жылы туған Гусева Анна Нурмакановнаның бойы 150-155 см. толық денелі адам. Үстіне қоңыр түсті тон киген.

Көрген-білген адамдар болса, 8 702 230 43 31 немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz