Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабаралауынша, алдымен Павлодар ауданы Шақат-Шалдай бағытындағы автожолда қарға батып қалған 4 машина шығарылған. Онда барлығы 8 адам болған. Дәл осыған ұқсас жағдай Шарбақты ауданына қарасты Шарбақты-Шалдай бағытындағы трассада орын алды. Атап айтар болсақ Арбиген ауылының маңында үш жеңіл көлік жолда қалып қойған. Қар құрсауында қалған бұл көліктерде алты адам болған. Оның біреуі - жас бала. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

- Демалыс күндері алыс жолға шығып, жолда қалған жолаушыларды құтқаруға төтенше жағдайлар департаменті «Жедел құқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің көлігі мен екі маманы жұмылдырылды. Олар қарға батқан көліктерді шығарып, жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мамандар жолаушылар межелі жерге жеткенше өз бақылауларында ұстады, - дейді мамандар.

pavlodarnews.kz