Бұл туралы клубтың баспасөз қызметкері Адлет Сарсенбеков мәлім етті.

- Өкінішке орай команда қазір Алматыда. Қаңтардың жетісінен бастап жауып тұрған қар ұшақтардың ұшуына бөгет болып отыр. Рейс ертеңгі күнге шегерілді, бірақ, нақты уақыты белгісіз, - деді Адлет Сарсенбеков.

Айта кетерлігі, Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиыны бүгін тоғызыншы қаңтар күні басталу керек еді. Жаттығу 22-қаңтарға дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта Белек қаласына 37 адам аттанғалы отыр, оның 13-і штаб өкілдері болса, 24-і футболшылар.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz