Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жазды.  Оның есімі Гарипуллаев Бахтан екен. Ол 22 жаста, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күреседі. Ол Қазақстан чемпионы және спорт шебері екен. "Қазақша күреспен 5 жастан бастап айналысып келемін. Видеодағы күресім Федерация Кубогының үшінші орнына таласқан кез еді. Жарыстарда бұл әдісті тұңғыш рет қолдандым. Оның бір атауы жоқ, бірақ ұзақ уақыт жаттықтым. Бұл әдісті жасағанда бастысы қарсыласыңа сездірмеу - күтпеген жерден жасау керек", - деді палуан.

Оның айтуынша, биыл наурызда Алматыда қазақша күрестен жарыс өтеді. Бахтан оған қатысып, осы әдісін қайталап көрмекші екен.

 

pavlodarnews.kz