Бұл туралы Павлодардағы жоғары шеберлік спорттық мектебі директорының оқу ісі бойыша орынбасары Жұмагүл Мұхамедалинова мәлім етті.

- Биатлон бойынша бақ сынайтын бес спортшы – Антон Пантов, Дария Усанова, Максим Браун, Александра Сасина және Тимур Куц қазіргі күні Германияда Әлем және Еуропа кубогында бақ сынауда. Ал, шаңғышы қыздарымыз  -   Анна Шевченко мен Ирина Быкова алдағы демалыс күндері Белоруссияның Раубичи қаласында өтетін халықаралық жарыста өнер көрсетпек. Жерлестеріміз осындай халықаралық жарыстарға қатысу арқылы елімізде өтетін Бүкіләлемдік қысқы унниверсиада ойындарына дайындықтарын шыңдауда. Спортшыларымыз қаңтар айының 16-сына дейін барлық жарыстарын аяқтап, Алматы қаласына келуі керек. Содан кейін өзіміздің қысқы спорттық алаңдарымызда дайындалатын болады, - дейді Жұмагүл Мұхамедалинова.

Естеріңізге салайық, Алматы қаласында өтетін 28 Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындарына Павлодардан тоғыз спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олардың бесеуі - биатлон, үшеуі – тау шаңғысы, біреуі - конькимен сырғанау бойынша облысымыздың намысын қорғамақ.

Тілеуберді Сахаба 

pavlodarnews.kz