- Шіркеудің құрылысына көптеген павлодарлық атсалысты, сондай-ақ бірқатар мекемелер мен ұйымдар да бар. Халық болып жұмылып салынған шіркеу береке мен бейбітшіліктің ордасына айналарына сенімдіміз. Қаржылай көмек көрсеткені үшін павлодарлық азамат, бүгінде мәскеулік кәсіпкер Геннадий Шамкинге алғыс білдіремін, - деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Естеріңізге сала кетсек, Павлодардағы үшінші шіркеуді салу туралы шешім 2011 жылы епархиалық кеңесінде қабылданған болатын.

2012 жылдың қаңтар айында әкімдік Гагарин саябағы маңынан жер бөлді. 2013 жылдың 1 сәуірінде Павлодар мен Екібастұз епископтары мен құрметті Варнаваның ғибадатынан соң алғашқы іргетасы қаланды.

Шіркеу құрылысының жобалық сметалық құжаттама құны 487 млн теңгені құрады.

Шарбақты ауданының тумасы Геннадий Шамкин өз қалтасынан 50 млн теңге қаражат берсе, павлодарлық мұнай-химия зауытының қызметкерлері 11 млн теңге бөлді. Сегіз жасар Мишаның анасы баласының өтінішімен ойыншыққа жинаған ақша толы сандықшасын шіркеуге тапсырған.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz