Бұл туралы агенттік тілшісіне «Зейін» ЖШС-нің директоры Болат Мұсабеков айтып берді.

- «Ақсу-Павлодар» бағытындағы автобустар жаңа көпірмен тестілік режиммен, яғни, бір-бір сағатпен қатынайды, - Болат Мұсабекова. - Орташа есеппен 6-10 адам жинауы керек. Егер оған толмаса автобус бұрынғы бағытпен кетеді. Қазіргі таңда күндізгі уақытта көп адам жаңа көпірмен жүргісі келмейді. Барлығы бұрынғы бағыттағы автобустарға мінеді. Өйткені көбі жаңа көпірді көріп, тамашалады. Енді оларға қызықты болмай қалды. Бұрынғы бағытпен жүруді тиімді санайды. Бағдаршамы мен жолдағы кептелістерді есептегенде,  Ақсуға 45 минутта жетуге болады. Ал, жаңа бағытпен келетін болса, Кутузов көшесінің бойынан 13 бағдаршамнан және 26 жаяу жүргінші жолынан өтіп, 55 минутта жетеді, - деді ол өз сөзінде.

Талғат Төре

pavlodarnews.kz