Бұл туралы Анна Гусеваның немересі Розалия Демченко мәлім етті.

- Апамыздың көршісі хабарласып, оның үйіне келгенін хабарлады. Дереу көршім арқылы апаммен сөйлестім, ол кісі осы күнге дейін Хром зауыт аймағында тұратын құрбысының үйінде болған екен. Құрбысының ұлы қайтыс болып, үй ішіндегі шаруаларға көмектесу үшін қасында қалған. Бүгін аман-есен өз үйіне оралды, алайда өзінің іздеуде екенін білмеген екен, - дейді Розалия Демченко.

Еске сала кетейік, Анна Гусева 25-желтоқсаннан бастап хабарсыз кеткен.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz