Оның 110-ы ауыл мектептері. Аталған жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 126 млн. теңге бөлінді. Үйірмелерді салтанатты түрде ашу шеңберінде 3121 адамнан астам оқушы қамтылған бір реттік ойын сеансы ұйымдастырылды. Павлодар қаласының № 25 жалпы білім беру мектебіндегі шахмат үйірмесінің салтанатты ашылуына облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов қатысты. Сонымен қатар, халықаралық гроссмейстер, сеньориталар арасындағы 2013 жылғы әлем чемпионы Елена  Анкудинова мектеп оқушыларымен бір реттік ойын сеансын өткізді. Қазақстан Республикасында 2017 жылы «Мектептегі шахмат» пилоттық бағдарламасы бастау алады. 2017-2020 жылдары бағдарламаны апробациялау жоспарланған болатын. Жобаға республикамыздың 3 облысы: Алматы, Қызылорда, Павлодар қатысатын болады. 2017 жылғы қыркүйек айынан бастап Павлодар қаласы мектептерінің сегіз мектебінде және Павлодар ауданының екі мектебінде 2-сынып оқушылары үшін «Шахмат үйренейік» элективті курсын енгізу жоспарлануда. Пилотты мектептердің 2-сынып оқушылары факультатив сабақтарында шахмат әлемімен танысатын болады. 

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің хабарлауынша, қала мектептеріндегі шахмат үйірмелерінің ашылуына халықаралық гроссмейстер А.Анкудинова, халықаралық спорт шеберлері В.Егоров, С.Нукин, Д.Махнев, В.Гребенщиков қатысты. Үйірмелер жұмысын ұйымдастыру үшін әр бір мектепте мамандырылған шахмат кабинеттері ашылды. Кабинеттер арнайы шахмат үстелдерімен, гроссмейстерлік сағаттармен және шахматтар жиынтығымен, әдебиеттермен, ойын үйренуге және ойын тактикаларын жетілдіруге арналған, компьютерлік бағдарламалармен жабдықталған.

Оқушыларға сабақтарды математика, физика, информатика және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері жүргізеді. Солардың ішінде қала мұғалімдері арасындағы шахмат ойындарының қалалық және облыстық спартакиадасы шеңберіндегі бірнеше дүркін жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар.

Шахмат үйірмелеріне қала бюджетінен 38,2 млн. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін барлығы 2,5 мың оқушыны қамту жоспарланып отыр.  Шахмат кабинеттерінің салтанатты ашылуы кезінде №16, 22, 25, 29, 37-ші мектептердің базасында шахмат клубтарының презентациясы өткізіледі.

Айта кетейік, аталған жобаны іске асыру үшін Павлодар облысы кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Себебі облыста үш мыңнан астам бала шахматпен шұғылданады. Облыста жыл сайын мектеп спартакиадалары шеңберінде шахмат турнирлары өткізіледі. Жыл сайын бұл жарыстарда шахмат ойнаушы балалардың саны артуда.

pavlodarnews.kz