Тengrinews.kz деп хабарлайы. Финляндиялық маркаға эксклюзив құқығы бар HMD Global компаниясы Қытайда Android 7.0 Nougat негізіндегі Nokia 6 самртфонының таныстырлымын өткізді.

Жаңа смартфон Samsung Galaxy Note 7 стиліндегі дизайнмен және сырты бүтін етіп металдан жасалған. Телефонның 5,5 дюйм IPS-экраны Full HD графикалы және Corning Gorilla Glass 3 қорғаныс әйнегі бар.

Телефонның жады 64 гигабайт, дегенмен Qualcomm Snapdragon 430 процессоры салыстырмалы түрде баяу жұмыс істейді.

Жаңа Nokia-ға екі SIM-карта салынады, Bluetooth 4.1, Wi-Fi 802.11 b/g/n. Бүйіріндегі камерасының сапасы 8 мегапиксель, 85 градусқа дейін көрініс береді.

Сонымен бірге, Nokia 6 "Үй" пернесінде орналасқан саусақ таңбасының сканерімен, NXP TFA9891 аудиодабылмен, екі динамикпен, Dolby Atmos технологиясы, Micro-USB портымен, акселерометр, электронды компас, гироскоп, жарық пен қашықтық тетіктерімен жабдықталған.

Жаңа телефон Қытай нарығына 2017 жалдың алғашқы жартысында шығады. Nokia 6 құны 245 доллар болады.

pavlodarnews.kz