Бұл туралы Воронеж облыстық прокуратурасының сайтында хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жаңажылдық мереке күндері Воронеж зообағында құстардың өлімі тіркелді, олардың арасында Қызыл кітапқа енгендері де бар. Алдын ала болжам бойынша, олар құс тұмауы инфекциясының тарауынан өлген. Осыған байланысты зообақтағы құстарды жаппай эвантазиялау туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада. Қанаттылардың жаппай өлімі бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Воронеж зообағында 171 түрлі 1,5 мың жануар өмір сүреді. Атап айтқанда, 44 түрлі 159 құс бар. Оның жетеуі Ресейдің Қызыл кітабына енген.

pavlodarnews.kz