«МИР» аймақаралық медиация орталығы» жекеменшік мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында «Павлодар облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын жоғарылатуға байланысты шараларды өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Осыған байланысты Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында ақысыз негізде медиация шараларын өткізу және заңгерлік кеңес беруге арналған кабинеттер ашылған.

Тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) кезінде тұтынушылар және дайындаушылар, орындаушылар, импорттаушылар және сатушылар арасында туындайтын қарым-қатынастар ҚР 2010 жылғы 4 мамардағы №274-IV «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңымен реттеледі.

Аталмыш Заң тұтынушылар құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сонымен бірге тұтынушыларды қауіпсіз әрі сапалы тауарлармен (жұмыстармен, қызметтермен) қамтамасыз етуге байланысты шараларын бекіткен.

ҚР тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы ҚР Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодексінен, жоғарыда аталған Заңнан және ҚР басқа нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Тұтынушылар тауарларды сатып алуға еркін шарт жасасуға, тауар туралы ақпарат алуға, қауіпсіз тауарды сатып алуға, тауарды еркін таңдауға, тауардың тиесілі сапасына, тиісінше сапалы және сапалы емес тауарды айырбастауға немесе қайтаруға, толық көлемде шығындардың, моральдік зиянның орнын толтырылуына ғана емес, сонымен бірге құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға да құқылы.

Тұтынушы азаматтар құқықтарының бұзылуы жағдайында Заңмен қорғаныстың екі нұсқасы қарастырылған.

Бірінші әдіс – сотқа дейінгі қорғаныс, яғни талап арыз түрінде, бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сатушыға (дайындаушы, орындаушы) ұсыну.
Екінші әдіс - соттық (талап қою), бұл жағдайда тұтынушы сатушыға (дайындаушы, орындаушыға) алдын ала талап қоймай, сотқа талаппен жүгінеді.

Тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 22-бабымен реттелген.

Тұтынушылар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біліктілік шегінде сәйкес мемлекеттік органдармен, сотпен және арбитражбен іске асырылады.

2011 жылғы 28 қаңтарда № 401-IV ҚРЗ ҚР «Медиация туралы» заңын қабылдаумен тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында медиацияны қақтығыс немесе дауды сотқа дейін реттеудің әдісі ретінде қолдану бірегей мүмкіндігі пайда болды.

Медиация, татуласу рәсімдерінің бір түрі ретінде медиатордың жәрдемдесуі жағдайында тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын және олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында құпиялы шара болып табылады.

ҚР «Медиация туралы» заңы ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді, олардың қағидалары және өткізу шараларын, сонымен бірге медиатор мәртебесін бекітеді. Тараптар дауларды үшінші бейтарап тарап – медиатор көмегімен реттей алады.

Медиацияның негізін қалаушы қағидалар: еріктілік, құпиялылық, өзара құрмет, тараптар теңдігі, медиатордың бейтараптылығы және әділділігі, шараның ашықтығы.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Екібастұз, Ақсу, заңгерлік кеңес, қоғам