Атыс кезінде бір адам жараланған. №1 қалалық ауруханада хабарлағандай, 33 жастағы ер азамат нейрохирургия бөлімінде жатыр. Оның жағдайы қалыпты деп бағалануда.

Оқиға орын алған Бизнес-орталық мекемесінің маңында бірнеше фирмалардың офистері, екінші бір жағында Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сот орналасқан.

Павлодарлық полицейлер күдікті деп танылған Лексус пен қара түсті BMW көліктерін іздестіруде.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметкері Баян Мағзұмованың айтуынша, полицияның арнайы жедел тобы қар үстінде табылған қанды зерттеуге кірісті.

Қала бойынша жедел ұстау жоспары жарияланып, Lexus пен BMW көліктері тексерілуде.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz