Демалыс күндері батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды 24.kz.

«Республиканың басым облысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Ауа райының қауіпті құбылыстарынан бұрынғыдай түнгі және таңғы сағаттарда көрінуі 50...500 метр тұман сақталады. Тек батыста және дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауып, көктайғақ болады», – деп жазды Қазгидромет өкілдері.

pavlodarnews.kz

Тэги: