Ойын біздің хоккейшілер үшін сәтті басталды. Матч басталысымен-ақ ойын тізгінін өз қолдарына алған «Ертіс» ойыншылары 8-ші минуттың ортасында қарсыластар қақпасына алғашқы шайба соқты. Голдың авторы – шабуылшы Михаил Рахманов. Кездесудің 14-минутында «Теміртау» командасының ойыншысы Серегиннің мергендігімен есеп теңесті. Ал, жерлестеріміздің одан кейінгі шабуылдары да сәтсіз болмады. Небары жеті минуттың ішінде «Ертіс» еншісіне үш шайба жазылды. Гол авторлары – Денис Клемешов, Михаил Рахманов және Михаил Качулин. Сонымен қатар, ойынның 59 минутында Михаил Рахманов өзінің үшінші шайбасын орындап, есепті 5:3-ке жеткізді. Бұл қос команда арасындағы кездесудің бірінші күнгі нәтижесі. Бүгін «Астана» мұз айдынында екінші ойын өтеді. Жалпы, «Ертіс» командасы қазір турнир кестесінде 4-ші орында тұр.

Тілеуберді Сахаба  

pavlodarnews.kz