Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сот қоғамдық орынды ластау, яғни ұсақ бұзақылық жасаған Д. есімді азаматшаның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.

- Анықталғандай, Д. есімді азаматша сапаржай маңында орналасқан дәмхананың еденіне түкірген және басқа да бұзақылықтар жасаған. Соттың шешімі бойынша, Д. есімді азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14 847 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ, - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Тадғат Төре

pavlodarnews.kz